Қамқоршылық кеңесі мәліметі » ОШ им. Матросова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Александр Матросов
атындағы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесі мәліметі
14
май
2019

Қамқоршылық кеңесі мәліметі

Хаттама №4
Александр Матросов атындағы негізгі мектеп
«26» сәуір 2019ж
2019 жылдың 26 сәуір күні Александр Матросов атындағы негізгі мектебінде Қамқоршылық кеңесінің есеп беру жөніндегі комиссияның тоқсандық отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп дирекорының Қамқоршылық кеңеске берген жылдық есебі
2. Жамбыл аудандық полиция бөлімінің ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты О. Жапаровтың сәуір Қамқоршылық кеңеске берген есебі.
Тыңдалды: 1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Онгарбаев Мухит Мирзабаевич мектепе болып жатқан жаңалықтармен таныстырды.
1-9 сынып оқушыларының оқу-тәрбие деңгейінің жылдық қорытындысына тоқталған мектеп директоры жыл бойы атқарылған мәдени шаралар туралы, алдағы келе жатқан 25 мамыр Соңғы қоңырау салтанатты кешін оқушылардың мектеп қабырғасында өтізу, ата-аналардаң заңсыз ақша жинамау туралы Жамбыл ауданы әкмдігінің №218 бұйрығы туралы мәлметтер берілді.
Мектеп ережесін бұзған; сабаққа кешігіп келетін оқушылар, мектеп формасын сақтамайтын оқушылармен атқарылған жұмыстар туралы ДТІЖО Болысбекова Замира баяндады.
Сөз алған Жамбыл АПБ-ң ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны О.Жапарова «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар» баяндамасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстары жайлы айтты. ҚР ӘҚБ Кодексінің ст 408,ст 437, ст 434, ст 435, ст 442 ч.1,ст 442 ч.2, ст 505, ст 615 бабы құқық бұзушылық кодексінің баптарын толық түсіндіріп, оқып таныстырды. Жаңа өткел ауылында 23.00 кейін кәмелетке толмаған балалардың көшеде жүрмеуі туралы, себепсіз сабақтан қалмауы, түнгі уақытта дүкенге бармауы басты назарда екендігін атап айтты. Өз баяндамасында қазіргі таңдағы жасөспірімдердің қатысуымен болып жатқан қылмыстар туралы және тек құқық қорғау органдарының күшімен нәтиженің болмайтындығын, ата-аналар, ауыл тұрғындары болып құқық бұзушылыққа қарсы күресу керек екендігіне тоқталды. Рейд кезінде оқушылар ұсталынып жатса, ата-аналардың жауап беретіндігін ескертіп және шара қолданылатындығын айтты.
Жалпы, Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстарын қорытындылаған Н.Мартынованың кеңес мектептің жұмысына белсене көмектесуге дайын екендіктерін, ата-аналарды мектептегі жаңалықтармен таныстыратындықтарын айтты.

Ұсыныстар:
1. 9 сынып оқушыларын мектеп бітіру кешін мектеп қабырғасында өз деңгейінде өтуіне атсалысу;
2. Сағат 23-00-ден кейін балалардың ата-ана қарауынсыз көшеде жүруіне болмайтындығын ата-аналарға тағы қайтара ескерту
3. Ауылдағы жиналыстар, клубтағы іс-шараларда ата-аналарға насихаттау жұмыстарын жүргізу (денсаулық, күнделік.кз);
4. Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды бірлесіп жүргізу;




Комиссия төрағасы : М.Онгарбаев
Комиссия мүшелері:
Әлеуметтік пед: А.Асильбекова
ДШІЖМ: Ф.Бисариева
Ата-ана : М.Артаева


Қамқоршылық кеңесі  мәліметі
Қамқоршылық кеңесі  мәліметі
Қамқоршылық кеңесі  мәліметі
Қамқоршылық кеңесі  мәліметі
Қамқоршылық кеңесі  мәліметі
Қамқоршылық кеңесі  мәліметі
Қамқоршылық кеңесі  мәліметі