12
апрель
2021
Тамақтану
Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану қағидаттары .
Сіздердің ішкендеріңіз бен жегендеріңіздің барлығы да маңызды.Азық-түліктің дұрыс үйлесімі қазір және келешекте деніңіздің сау болуына көмектеседі. Негізгі тамақ өнімдері дәнді дақылдар мен тамыр түйнектілер (күріш, сұлы, жүгері ұны, арпа, нан, макарон, жарма, картоп, геркулес және таба нан дәнді дақыл өнімдерінің мысалдары болып табылады) Күнде әртүрлі көкөністер мен жемістер жеңіз. Тәтті тағамдардың орнына (печенье, тәтті тоқаш пен шоколад) тісбасарға шикі көкөністер мен балғын жемістерді таңдаңыз . Көкөністер мен жемістерді шектен тыс қайнатпаңыздар, бұл маңызды дәрумендердің жоғалуына әкеледі. Консервіленген немесе кептірілген көкөністер мен жемістерді пайдалансаңыздар, тұз бен қант қосылмаған сұраптарын таңдаңыздар. Ақуызға бай өнімдер: бұршақ тұқымдастар (мысалы, жасымық, асбұршақ, нұт, атбас бұршақ), жануарлардан алынатын өнімдер, (мысалы, ет, балық, жұмыртқа), жаңғақтар. Майсыз немесе ақ ет (мысалы, құс еті) пен майы аз балықты таңдаңыз. Мүмкіндігінше құрамында майлары аз сүт пен сүт өнімдерін таңдаңыз.. Тамақ құрамындағы майлардың саны орташа болуы тиіс. Қанықпаған өсімдік майларын пайдаланыңыздар (мысалы, күнбағыс немесе жүгері майы, зәйтүн майы). Жануарлардан алынатын майларды немесе құрамындағы қаныққан май көлемі жоғары майларды (мысалы, сары май, қорытылған май, еттің майы мен пальма майы) аз пайдалануға тырысыңыздар. Құрамында өнеркәсіпте өндірілген трансмайлар бар өңделген, пеште пісірілген және қуырылған дайын өнімдерді пайдаланудан тартыныңыздар. Өңдеу дәрежесі жоғары өнімдер санын шектеңіздер – бұл пайдалануға дайын тағамдар, шұжықтар, оралған тісбасарлар мен десерттер, олардың құрамында көбінесе қаныққан майлар, қант пен тұз көп болады. Тұз бен қантты азырақ пайдаланыңыздар. Газдалған және қанты көп басқа да сусындарды (мысалы, кола, жеміс шырындары, хош иістендірілген сүт пен йогурт сусындары) шектеңіздер.
Мектептерде тамақтану гигиенасын сақтау
Тамақ өнімдері:қажет емес қаптаманы алып, қақпағы бар қоқыс шелегіне тастаңыздар. Қаптаманы, мысалы, банкілерді, ашардың немесе сақтардың алдында дезинфекциялық ертіндімен сүртуге болады. Қолыңызды сабындап сумен кемінде 20 секунд жуыңыз. Жемістер мен көкөністерді пайдаланбас бұрын қолыңызды сабындап сумен жуыңыз. Сосын жемістер мен көкөністерді таза сумен мұқият жуыңыз. Шикі ет пен балық дайындау үшін бөлек кесу тақтайшаларын пайдаланыңыздар. Тамақты ұсынылатын температураға дейін дайындаңыздар. Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтаңыздар және өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аударыңыздар. Микробтар мен кеміргіштер болмауы үшін қоқыстарды жинамай, дереу шығарып тастауға тырысыңыздар.Әрқашанда таза ыдыс пен тәрелкелерді пайдаланыңыздар. Балалардың су ішу үшін бір стақанды, қасық пен айырды, ыдысты бірге пайдаланларына, тамағын бөлісіп жеулеріне рұқсат етпеңіздер. Тамақ алуға ширетке тұрғанда, тамақтанатын орындарда балалардың арасында қауіпсіз ара қашықтық болуын қамтамасыз етіңіздер. Өнімдерді жылумен өңдеу оладың сіңімділігін арттырады, дәмдік сапаларын жақсартады, зарарсыздандырады. Өнімдерді жылумен өңдеу кезінде бөктіру, пісіру, бұқтыру сияқты өңдеу әдістеріне артықшылық беріледі.Фритюрде қуыру мүлде пайдаланылмауы керек. Ащы дәмдеуіштер – қыша, сірке суы және түрлі бұрыш түрлері пайдаланылмайды. Тағам құрамындағы тұз бен қант мөлшерлерін азайтыңыздар.
Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану қағидаттары.
Мектеп оқушыларын дұрыс тамақтандырудың қиындықтары мен проблемалары бар. Неден бастау керек? Алдымен мектепте балаларға не сатылатынын, оларды немен тамақтандырып жүргеніңізге пайымдап көріңіз. Пайдалы және ағзаны сауықтыратын тағамдардың үлесі көбейтіңіз (жеміс-жидектер, көкөністер, тазартылған су). Салауатты тамақтану қағидаттарын өмір бойы ұстану. Тағам құрамында әртүрлі өнімдер болуы тиіс. Әрбір күнге өнімдер мен сусындарды азық-түлік топтарының – көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, сүт өнімдері мен ақуыздар - тек 1-уінен немесе 2-уінен ғана емес, осы топтардың барлығынан таңдаңыздар. Суды жеткілікті түрде ішу – мектептерде таза ауыз судың бар болуын қамтамасыз ету. Балаларды құрамында қант мөлшері өте көп және тіске зиян келтіретін тәттілендірілген сусындардың орнына жай таза су ішуге ынталандырыңыздар. Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану қағидаттары • Мектепте балалардың анағұрлым пайдалы, салауатты азық-түлік өнімдерін таңдауы мен тәтті сусындардың орнына ауыз суға қолжетімділігі бар болуына ұмтылыңыздар. • Балалар күнделікті таңғы ас ішулері тиіс. • Балалардың тісті күніне екі және одан көп рет тазалауы дағдысын қалыптастырыңыздар. • Балаларды дұрыс тамақтануға сабақта үйретіңіздер. • Мектепте және үйде физикалық белсенділікті ұмытпаңыздар! 5 -17 жас аралығындағы балаларға күніне кемінде 60 минут физикалық белсенділік қажет (ойындар, жарыстар, спорт, үй шаруасы, дене шынықтыру сабақтары, велосипед және т.б.) • Мектеп ұжымы, ата-аналар да салауатты тамақтанулары, гигиена сақтауы, физикалық белсенді болуы және өз денсаулықтарын қадағалауы тиіс! 




