15
январь
2019
Бір мезгіл ыстық тамақ және сан пин ережесі бойынша заңдар
Білім беру ұйымдарында балалар құқығын қорғауды қамтамасыз ету
1. Адам құқығының жалпы сипаттамасы.
2. Балалар құқықтарын қорғау Департаментінің құрылуы, оның маңызы және атқаратын қызметі.
3. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары және оның қызметі.
4. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторлардың қызметтерінің мәні мен маңызы.
1. Адам құқығының жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Адам құқықтары – негізгі азаматтық, саяси экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам құқықтарын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық ұйымдастыру тетіктері.Адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі заңдарымен қоса халықаралық стандарттар мен нормалар қолданылуымен ерекшеленеді.
Халықаралық іс құжаттарда белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарихи қалыптасудың эталондарымен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам прогресі мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік іс әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешуіне кең түрде мүмкіншілік беру айқын көріне бастады.
Әрбір адам туылғаннан бастап белгілі бір мөлшердегі ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан бұл игіліктердің мөлшері материалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальді теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.
Қазіргі адам құқықтары туралы заңдар екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.Дәлірек айтқанда 1945 ж. БҰҰ құрылып, Жарғысын қабылдағаннан кейін көптеген адам құқықтары туралы нормалардың тұжырымды және заңды негізі қаланды. Сонымен БҰҰ-ның жарғысында жазылған мақсаттардың бірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мәселелерді шешуде, нәсілі, жынысы, тілі, діни наным-сенімдеріне қарамай, адам құқықтарымен негізгі бостандықтарын қолдап, құрметтеуде бірге жұмыс істеу болып табылады.
БҰҰ өзінің өмір сүруі барысында, адам құқықтарының дамуы жөнінде, БҰҰ мүшелерінің міндеттерін көрсетіп, оларды ұлғайтып, жарғының ережелеріне сәйкес адам құқықтарының орындалуын қадағалайтын институттарды құрай алды. Бұл институттар: БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия, әйелдердің әл-ауқаты және адам құқықтарын басқару туралы комиссиясы.
БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің қамқорлығымен адам құқықтарын қорғайтын көптеген халықаралық стандарттар қабылданды. Олар: 1948 ж. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпығы бірдей Декларациясы, 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакті, 1966ж. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы Пакті, 1952 ж. Әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенциясы, 1957 ж. Күйеуге шыққан әйелдердің азаматтығы туралы Конвенциясы, 1948 ж. Геноцид қылмысының алдын алу және оны жою туралы Конвенция, 1973 ж. Апартеид қылмысының алдын алу және оны жою туралы Конвенция, 1959ж. Бала құқықтары туралы Декларация, 1989 ж. Бала құқықтары туралы Конвенциясы және т.б. халықаралық нормалар.
Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жариялау - азаматтық қоғамға жол салған мемлекеттің және қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясы Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясының нормаларын өзінде қайталағанын айтуда жеткілікті.
Барлық мемлекеттік органдардың ішінде, адам құқықтарын қорғауға сот жүйесі және құқық қорғау органдары бейімделген.
Адам құқықтарының Қазақстанда іске асырылуына ҚР Президентінің қарамағындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы көмектеседі. Бұл комиссия мәртебесі жағынан мемлекет басшысының қарамағындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады. Комиссия жумысының үйлестірілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісіне берілген. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентіне, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен қамтамасыз етуге байланысты конституциялық міндетін орындауға көмектесуі керек, сонымен қатар ол адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.
Комиссия жұмысына Адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуы жөнінде жыл сайын және арнайы баяндама жасау; ұсыныс жасау және адам құқықтарын қорғау тетігін жандандыру; талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайтын адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды жасау; адам құқықтары жөнінде арнайы халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы кіреді.
Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғайтын негізгі нормативтік құқықтық актілері: 30 тамыз 1995 ж. қабылданған Қазақстан Республикасыың Конституциясы; 15 шілде 1997ж. қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексі; 1 шілде 1999ж. қабылданған ҚР Азаматтық Кодексі; 8 тамыз 2002 ж. кабылданған ҚР Бала құқықтары туралы заңы; 15 мамыр 2007 ж. ҚР Еңбек Кодексі; 15 мамыр 1998 ж. ҚР Неке және отбасы туралы заңы және т.б. заңдары.
Бала деп - он сегіз жасқа толмаған адам танылады.
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясының 26 бабының 2 тармағына сәйкес, білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс.
2. Балалар құқықтарын қорғау Департаментінің құрылуы, оның маңызы және атқаратын қызметі.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының ең негізгі бағыттарының бірі болып балалардың құқығын сақтау және заңды құқықтарын қорғаау танылады.
БҰҰ Балалар құқығын қорау комитетінің 33-ші арнайы сессиясының отырысында берілген ұсыныстарға сәйкес, 2006 жылдың қаңтар айында ҚР Білім және ғылым министрлігімен Бала құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
2006 жылдың 13 қаңтарында ҚР Үкіметінің № 36 Қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен Бала құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы 8(7172)74 23 43
Төраға орынбасары 8(7172)74 24 34
Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2007 жыл 28 тамыздағы № 744 қаулысына сәйкес, 2007 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігімен Бала құқықтарын қорғау комитеті төрағасының № 34-п бұйрығымен Бала құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері құрылды. Олар:
1. Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
2. Ақтөбе облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7132)50-29-21.
3. Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7282)21-06-95.
4. Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7122)35-59-63.
5. Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7232)26-46-12.
6. Жамбылская областьның Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7262)43-85-54.
7. Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7112)51-06-71.
8. Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7212)42 09 91/97.
9. Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7142)54 76 44.
10. Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7242)23-48-38.
11. Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7292)31-44-65.
12. Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7182)32-57-25.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7152)46-33-34.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7252)23-33-66.
15. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(7172)92-53-31.
16. Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 8(727)272-02-94.
Алматы қалалық Балалар құқықтарын қорғау департаменті- ҚР Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитеті аумақтық органы, мемлекеттік мекеме болып табылады.
Департамент қызметінің мақсаты болып ҚР заңдарында және Бала құқықтары туралы Конвенцияда қарастырылған, баланың қоғамдағы адамгершілік және рухани қасиеттерінің басымдылығын қалыптастыру, балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру және барлық заңды мүдделерінің сақталуының негізінде бала тұлғасының қалыпты дамуы үшін жағдай жасау танылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы», басқа да балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
2) Бала құқықтары туралы Конвенция мен Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бала тұрғындардың барлық санатының құқықтарын іске асыру мәселесіне байланысты шаралар кешенін жүзеге асыруды бақылау мен ведомствоаралық ынтымақтастықты жергілікті деңгейде үйлестіру;
3) балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және оларға адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие берудің аумақтық бағдарламаларын іске асыруда жергілікті органдарға жәрдем көрсету;
4) «әлеуметтік» жетімдіктің, балаларға зорлық-зомбылық жасау мен қанаудың алдын алу және оны болдырмау, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету, балалар өмірінің сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал ету;
5) балалардың өзін-өзі табысты түрде таныта білуіне, балалардың қоғам өміріне адамгершілік-рухани құндылықтар негізінде етене кірігуіне бағытталған балалардың әлеуметтік бастамалары мен қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету және ынталандыру;
6) Бала құқықтары туралы Конвенция ережелері мен адамгершілік- рухани тұрғыдан тәрбие беру бағдарламаларын іске асырудың мониторингін өткізу, балалардың рухани дамуы мен әлеуметтік құттылық жағдайына талдау жүргізіп, болжау жасау, өңірдегі балалалар өмірінің сапасын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) тұрғындардың балалар құқығы туралы және оларды іске асырудың жолдары жайлы ақпараттандырылу деңгейін көтеру.
Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету мәселесі, сонымен қатар балалар құқығын қорғау және білім салаларында қызмет ететін түрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың ведомствоаралық ынтымақтастығы мен жұмысын үйлестіру;
2) жергілікті атқарушы органдармен бірге балалар құқықтарын қорғаудың және қоғамда адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие берудің аумақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
3) ведомствоаралық ынтымақтастық негізінде тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға арналған адамгершілік-рухани ағарту жұмыстарына қоса, балаларды әлеуметтік қорғауға алу мәселелерінің де жобасын ынталандыру;
4) білім беру мекемелері мен өкілетті органдардың салааралық өзара байланыстарының алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерін қорыту және өңірдегі балалардың құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелерге зерттеу жүргізуге қолдау көрсете отырып, ықпал ету;
5) «әлеуметтік» жетімдік пен өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету мәселелерін шешуге бағытталған қайрымдылық акцияларын өткізуді ынталандыру, балалар өмірінің сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал ету;
6) әлеуметтік бейімделу, оңалту Орталықтары және бас бостандығынан айыру орындарынан қайтып келген, зорлық-зомбылыққа ұшыраған және басқа да санаттағы балаларға арналған Дағдарыс орталықтарының қызметін үйлестіру;
7) «әлеуметтік» жетімдікті, балаларға зорлық-зомбылық жасау мен қанауды болдырмаудың кешенді шараларын жүзеге асыру;
8) өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету және оларға өздерінің заңды құқықтарын іске асыру барысында ықпал жасау;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер қызметіне іс жүзінде көмек көрсету өзара іс-қимылын жүзеге асыру;
10) балалар құқығы мен мүдделерін көтермелейтін балалар ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, оларды ынталандыру және бағалау;
11) қоғамдағы даму, балалар құқықтарын қорғау және адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие беру салалары бойынша мемлекет жүргізіп отырған саясатты іске асыру жөнінде ақпаратты-түсіндірме және ағарту жұмыстарын жүргізу;
12) балалар құқықтарын қорғау және адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие беру мәселелеріне қатысты конференциялар, дөңгелек стөлдер, тренингтер мен тағы басқа да шаралар өткізуді ұйымдастыру;
13) балалар құқықтарын қорғау саласының мамандарын аттестаттау, кәсіби даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
14) өңірдегі балалардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізу, жыл сайын берілетін өңірлік есептерді дайындау;
15) балалар құқықтарын қорғау және адамгершілік пен рухани құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне қатысты халықаралық тәжірибелерді зерделеу;
16) өңірдегі балалар өмірінің сапасын арттыруға қатысты шаралар жөнінде Комитет пен жергілікті атқару органдарына ұсыныстар енгізу;
17) отбасылар мен балаларға, оның ішінде өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешуде құқықтық, психологиялық, кеңес берушілік жәрдемдерін көрсету, қоғамдық қабылдау орындарын ашу;
18) Қазақстан Республикасының заңнамалары мен балалар құқығын қорғау, сонымен қатар қорғаншылық пен қамқоршылық мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдердің іске асуына бақылау жүргізу;
19) Заңнамаларға сәйкес осы Ережеде көрсетілген мақсаттарға арналған заңды және жеке тұлғалардан жылу (пожертвование) түрінде түскен мүліктік игіліктер мен құқықтарды (мүліктер, заттар, ақшалар және т.б.) қабылдау. Жылуларды белгіленген мақсатта қолдану үшін қабылдаушы Департамент заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жылуға түскен мүліктерді қолдану жөніндегі барлық операциялардың оқшауланған есебін жүргізуі керек;
20) азаматтар мен мекемелерден келіп түскен ұсыныстар, шағымдар мен хаттарды қарау және өз құзыреті шегінде оларға қатысты қажетті шаралар қабылдау;
1. Департамент негізгі міндеттерді іске асыра отырып, өз қызметін жүзеге асыру үшін:
1) өз құзыреті шегінде балалар құқықтарын қорғау және адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие беру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
2) өңір жастары мен балаларға адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие беру мәселелерімен айналысатын білім мекемелері мен өкілетті органдар арасындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуына ықпал жасауға;
3) балалар құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында өңірде шығармашылық бастамаларға қолдау көрсету мен меценаттық дәстүрдің дамуына ықпал жасауға;
4) балалар тәрбиесі мәселелерімен айналысатын барлық ұйымдарға меншік түріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кедергісіз кіруге;
5) Департаментке жүктелген міндеттерді шешуге қажетті ақпараттар мен материалдарды басқа мемлекеттік органдар мен өңірдегі ұйымдардан сұратуға және алуға;
6) қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беруге;
7) өңірдегі балалардың жағдайын жақсарту және олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын халықаралық мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға;
8) балалық шақтың проблемаларын, оларға адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбие беру, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелерін жарыққа шығаратын ақпараттық басылым құруға, баспагерлік қызметті жүзеге асыруға;
9) балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаумен айналысатын түрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекеттесуге;
10) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялар жұмысы мен жұмысшы топтар ісіне, сот мәжілістеріне қатысуға;
11) белгіленген тәртіп бойынша Департамент құзыретіне кіретін мәселелерді жетілдіру үшін ғылыми немесе басқа ұйымдарды, сонымен қатар жекелеген ғалымдар мен мамандарды, сараптаушыларды жұмысқа тартуға;
12) консультациялық кеңестер құруға (комиссиялар, кеңестер, топтар, алқалар);
13) Комитет берген басқа да өкілеттіліктерге құқылы.
3. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары
Аудандық және қалалық атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады, олар өздерінің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын уәкілетті білім және денсаулық сақтау органдары арқылы, соттың шешімі мен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандарға, денсаулық жағдайы бойынша қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қатысты функцияларын халықты әлеуметтік қорғау органдары арқылы жүзеге асырады, ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл функцияларды дербес жүзеге асырады.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының негізгі міндеттері мыналар:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасында тәрбиеленуі үшін қалыпты жағдайы жоқ кәмелетке толмағандардың өмір сүруі мен тәрбиеленуіне қажетті оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;
2) кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары мен мүдделерін қорғау;
3) соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толғандардың және денсаулық жағдайы бойынша өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын әрекетке қабілетті кәмелетке толған адамдардың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдары ретінде жергілікті атқару органдары:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, отбасында тәрбиеленуі үшін қалыпты жағдайы жоқ кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын және қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынуға мұқтаж кәмелетке толған адамдарды анықтауды ұйымдастырады;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, жүйке ауруына шалдығуы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылғандарға, денсаулық жағдайы бойынша өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын іс-әрекетке қабілетті кәмелетке толған адамдарды, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілейді.
3) білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау органдарында қорғаншылық кеңесін құрады;
4) қорғаншылар мен қамқоршыларды тағайындайды;
5) белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылған азаматтардың мүлкіне қорғаншылықты белгілейді және оның күшін жояды, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген жағдайларда азаматтардың мүлкіне қорғаншылықты тағайындайды;
6) қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босатады және шеттетеді;
7) қамқорлықтағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын домқұқығын қорғау мен заңнамаларда көзделген жағдайларда оларды тұрғын домаудандарымен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;
8) қамқорлықтағы балалардың және кәмелетке толмғандардың құқығын қорғау мен заңмен қорғалатын мүдделеріне байланысты сот істерін қозғайды;
9) заңнамада көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың фамилиясын беруге немесе фамилиясын өзгертуге байланысты мәселелерді шешеді;
10) заңнамаға сәйкес қамқорлықтағы балаларды асырап бағу, олардың кірісі мен мүлкіне иелік ету мәселелерін шешеді;
11) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелеріне байланысты азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарайды және соған сәйкес тиісті шараларды қолданады.
4. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторлардың қызметтерінің мәні мен маңызы.
Мектеп инспекторы болып ішкі істер органдары қызметкерлері танылады, соған байланысты олардың жұмысқа қабылдануы және қызметін атқаруы ҚР ішкі істер органдары туралы заңдарына сәйкес құрылады.
Мектеп инспекторы ІІД органдарымен тағайындалады.
Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мектеп инспекторларының қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы, «ҚР ішкі істер органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы, 2000 ж. 17 шілдедегі «ҚР ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік мектеп инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Ережесін бекіту туралы» ҚР ІІМ № 400 бұйрығы, кәмелетке толмағандардың арасындағы қаңғыбастық пен құқық бұзушылықтың алдын алу аясындағы басқа да ҚР нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полицияның мектеп инспекторлары «ҚР ішкі істер органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы, 2000 ж. 17 шілдедегі «ҚР ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учускелік мектеп инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Ережесін бекіту туралы» ҚР ІІМ № 400 бұйрығы және 2005 ж. 21 шілдедегі № 372 «Білім ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция мектеп инспекторларының жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Ережесі» және т.б. нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген құқықтар мен міндеттерге ие.
Мектеп инспекторларының міндеті болып:
• Оқушылар арасындағы қаңғыбастық пен құқық бұзушылықты ескерту және қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және бекітіліген аумақ пен білім мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• Алдын алу есебінде тұрған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жасау;
• Кәмелетке толмағандардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау;
• Жағдайы нашар отбасылармен жұмыс жасау;
• Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға қарсы әрекетті жасауға тартатын ата-аналарды немесе оларды алмастыратын тұлғаларды, сондай-ақ басқа да ересек тұлғаларды анықтау;
• Білім беру мекемелері әкімшілігі білім беру және тәрбиелеуде денсаулық және қауіпсіздік жағдайын қалыптастыру, соның ішінде таза экологиялық аумақты құру, жолда жүру ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алуы тиіс;
• Жалпы білім беру үрдісіне барлық қатысушыларына қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету.
Мектеп инспекторының жұмысын ұйымдастыру:
Мектеп инспекторы өзіне жүктелген міндетін тікелей бекітілген жалпы білім беру мектебінің және оған жақын әкімшілік аумақта атқарады, оның көлемі мен шекарасы аудан әкімінің шешімімен анықталады.
Мектеп инспекторы ішкі істер органының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше бастығына тікелей бағынады, ол сол жерде штатты қызметте болып және оқу орнының әкімшілігімен бірлесе отырып, мекеменің жұмыс режимін ескеріп жасалған жоспар негізінде жұмыс атқарады.
Мектеп инспекторы өзінің құзіретіне жүктелген міндеттер шегінде білуі қажет:
• ҚР нормативтік-құқықтық акілерін және заңдарын;
• Оқу орнындағы оқушылардың саны мен құрамын, олардың әлеуметтік жағдайын, ата-аналары иен оларды алмастыратын тұлғаларының тұрғылықты жерін;
• Аталған мектеп оқушыларына демалысты қамтамасыз ететін ұйым басшыларын, оқу орнының қызметкерлерінің, ата-аналар комитеті мен басқа да мектеп ішілік және мектептен тыс қоғамдық бірлестіктерді;
• Мектепаралық қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қаңғыбастық туралы статистикалық мәліметтерді;
• Бекітілген оқу орнында оқитын девианттық тәртіптегі оқушылардың өмірі және байланыстары жөніндегі, осы мектепте оқитын жағдайы нашар отбасылардың балалары туралы мәліметтерді;
• Ішкі істер органдарының есебінде тұрған және оқу орнының аумағына жақын орналасқан жерде тұратын кәмелетке толмағандар мен нашар отбасылар туралы ақпаратты;
• Көбіне-көп қоғамдық тәртіп бұзылатын шағын учаскілер көлемі мен шекарасы және оның ерекшеліктері, сауда орны, компьютер клубтары және т.б. демалыс орындарын;
• Мекемені қорғаудың жалпы тактикасы мен процедураларын, инструкцияларын;
• Мектеп персоналдары мен педагогтар ұжымының мүшелерінің, оқушылардың жеке техникалық қауіпсіздігінің ережелері мен қағидаларын;
• Жедел жәрдем қызметтерінің телефон номерлерін білуге;
• Қызметтік этика нормалары мен қағидаларын.
-білім беру мекемесінің қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз ету мен оны ішкі және сыртқы қауіпсіздіктен қорғау мәселелерін шешуде атқарушы билік органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, педагогтар ұжымымен, оқушылар, олардың ата-аналарымен күнделікті жұмыс жасауды;
-білім беру мекемесінің әкімшілігімен бірлесе отырып оқушылардың арасында нашақорлықты таратудың және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша рейдтерді жүргізеді;
-білім беру мекемесінің ішкі тәртіп және қауіпсіздік ережелерін сақтауды;
-мектептің іс шараларында тәртіпті сақтауды ұйымдастыруға қатысуды;
-білім беру мекемесінің персоналдары мен оқушыларын экстримальді және төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері мен тактикаларымен таныстыруды;
-қажеттілігіне сәйкес тәртібі нашар кәмелетке толмағандарды кварталына бір рет тексеріп тұруды;
-кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырады.
-кәмелетке толмағандардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға.
-тәртіптік бұзушылықтың фактілерін;
-мектептің аумағында экстремистік ұйымдар қызметтерін;
-мектепте және мектепке бекітілген аумақта діни кітаптарды таратудың;
-жарылғыш заттарды, қаруды ұстау және қолданудың алдын алуға.
-білім беру мекемелерінің күнделікті қызметінің өміріндегі қауіпсіздік қырларының маңызды оқиғаларына қатысты процесстерді, сондай ақ қорқыту жүзеге асырған кезде және осы қорқытуға қарсы әрекеттер бойынша шараларды;
-алдын алу есебі шеңберіндегі қызметті құжаттауға.
Мектеп инспекторлары бекітілген арнайы киімде жүруі тиіс,
Мектеп инспекторларының құқықтары:
-лауазымды тұлғалардан, балалардан, олардың ата-аналарынан қоғамдық тәртіпті, жұмыстың ішкі тәртібін сақтауды талап етуге ;
-өзіне жүктелген құзіреттің шегінде құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға;
-білім беру мекемелеріне бөтен тұлғаларға кіруге шектеу және уақытша кіргізбеуге;
-әкімшілік бақылауда тұрған тұлғалардың үйлеріне барып тұруға құқылы;
-алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұлғаға қатысты құзіретті органдарға және ұйымдарға сұраулар жіберуге;
-өз құзіреті шегінде шағын учаскеде лицензиялық-рұқсатнамалық ережелерін сақтауды бақылауға;
-алкагольдік, нашақорлық құралдарды жүйкеге әсер ететін заттарды пайдаланған тұлғаларды анықтап тексеруге немесе емдеу мекемелеріне жеткізуге;
-балаларға қатысты қорлауды, қинауды жүзеге асыратын ата-аналарға әкімшілік шаралар қолдануға.
Мектеп инспекторының жауапкершілігі:
-ішкі жұмыс тәртіп ережелерін және басқа да жергілікті нормативтік актілерді, баланың тұлғасына қатысты дене бітімін қинау әрекеттерінің тәсілдерін қолданғаны үшін, сондай-ақ мектеп инспекторы білім беру мекемесінің оқу процессінде дезорганизацияның орын алғаны үшін ҚР заңдарымен бекітілген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Мектеп әкімшілігінің міндеттері:
-білім беру мекемесінің басшысы мектеп инспекторын жұмыс орнымен қамтамасыз етуге;
-білім беру мекемесінің басшысы мектеп полицейінің жұмыс істеуіне жағдай жасап, қажетті канцелярия тауарларымен қамтамасыз етуге;
-білім беру мекемесінің басшысы мектеп инспекторына мектептің барлық бөлмелеріне кіруін қамтамасыз етуге;
-мектеп әкімшілігі мектеп инспекторының жұмысы үшін барлық қажеттіақпараттарды беруге міндетті.
Мектеп инспекторы қызметінің критерийлері:
-білім беру мекемесінде кешенді қауіпсіздік жүйесін құру;
-бекітілген учаскеде криминалдық жағдайды қалпына келтіру;
- мектепте құқықбұзушылықты төмендету.
проект
Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от «___» ____ 200_ года №__
Типовой стандарт
оказания государственной услуги
«Обеспечение питанием обучающихся и воспитанников в организациях образования, в том числе бесплатным и льготным»
1. Общие положения
1. Стандарт устанавливает принципы и требования к качеству и безопасности школьного питания, определяет условия и порядок обеспечения питанием обучающихся и воспитанников в организациях образования независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности организаторами школьного питания и предприятиями общественного питания, обслуживающих школьные столовые.
2. Услуга обеспечения питанием обучающихся и воспитанников в организациях образования неавтоматизирована.
3. В настоящем стандарте использованы ссылки на следующие нормативные документы
- Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года № 319;
- Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан» от 8 августа 2002 года № 345;
- Закон Республики Казахстан «Об административных процедурах» от 27 ноября 2000 года № 107-2;
-Закон Республики Казахстан «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения» от 4 декабря 2002 года № 361-2 , а также действующими нормативно- правовыми актами;
- постановление Правительства РК от 25 января 2008 года № 64 «Об утверждении Правил расходования средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи социально незащищенным обучающимся и обучающимся из числа малообеспеченных семей»;
- постановление Правительства РК № 738 от 17 мая 2000 года «О размерах и источниках социальной помощи нуждающимся гражданам в период получения ими образования»;
- приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан «Об утверждении санитарных правил и норм «Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях» от 25 июля 2003 года № 570 ( далее — СанПиН);
- приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам общественного питания" от 25 июля 2003 года № 569 (далее — СанПиН);
- Государственный стандарт СТ РК 1010-99 «Продукты пищевые. Информация для потребителя. Общие требования» от 01.04. 2000 года;
- «Организация горячего питания учащихся в школьных столовых» (методические рекомендации, утвержденные приказом Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 13 августа 2008 года № 98);
«Организация питания детей в учреждениях образования» (методические рекомендации, утвержденные приказом Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 26 декабря 2008 года № 152);
«Паспорт школьного пищеблока» (методические рекомендации, утвержденные приказом Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 26 декабря 2008 года № 155).
4. Государственная услуга оказывается организаторами школьного питания: местным исполнительным органом, организацией образования, а также организацией общественного питания, определяемой на конкурсной основе и оформленной соответствующим договором.
5. Форма завершения оказываемой государственной услуги - не предоставляется возможной.
6. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
1) ожидание в очереди при сдаче документов – не более одного часа;
2) рассмотрение документов осуществляется в течение 3-х дней с момента их поступления.
7. Государственная услуга предоставляется всем обучающимся и воспитанникам организаций образования независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности.
8. Данная государственная услуга предоставляется на платной, бесплатной и льготной основе.
8.1. Бесплатным питанием за счет средств местных бюджетов обеспечиваются:
- обучающиеся и воспитанники из малообеспеченных семей;
- дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, находящиеся под опекой и патронатом;
- дети с ограниченными возможностями в развитии;
- обучающиеся и воспитанники из многодетных семей.
8.2. Льготным питанием за частичную оплату (20% от стоимости питания) за счет средств местных бюджетов и родительских средств обеспечиваются:
- дети, состоящие на учете в противотуберкулезном диспансере;
- обучающиеся и воспитанники из семей, в которых один из родителей является инвалидом;
- дети из неполных семей.
8.3. Дети, не относящиеся к социально незащищенной категории, обеспечиваются питанием на платной основе, за счет родительских средств.
8.4. Средства на финансирование расходов по обеспечению бесплатным и льготным питанием детей ежегодно предусматриваются местными бюджетами, в том числе из средств, выделяемых на оказание материальной и финансовой помощи социально незащищенных обучающимся и обучающимся из малообеспеченных семей.
9. Информация о порядке оказания данной государственной услуги размещается на информационных стендах организаторов школьного питания, в организациях образования, на сайтах акиматов.
10. Данная государственная услуга оказывается организациями образования независимо от форм собственности в течение учебного года, в дни и часы работы школы согласно следующему регламенту:
- завтраки предоставляются воспитанникам предшкольных и учащимся
1-5-х классов после 2-го урока, учащимся 6-11 классов - после 3-го урока;
- обеды предоставляются с 13. 00 часов;
- для приема пищи предусматриваются две перемены длительностью 20 минут каждая.
2. Порядок оказания государственной услуги
11. Для получения государственной услуги по обеспечению бесплатным или льготным питанием родителями или законными представителями обучающегося или воспитанника в организацию образования предоставляются:
- заявление;
- справка о доходе семьи с места работы или из органа социальной защиты, в случае, если родители безработные (для детей из малообеспеченных семей);
- справка из органа опеки (для детей-сирот и детей, находящихся под опекой (попечительством) и патронатом;
- копия свидетельства о смерти родителей (детей сирот, находящихся под опекой (попечительством) и патронатом)
- копия удостоверения многодетной матери (для детей из многодетных семей);
- заключение ВКК о состоянии здоровья (для детей с ограниченными возможностями или родителей - инвалидов и детей, состоящих на учете в противотуберкулезном диспансере);
11.1. В исключительных случаях, когда потребитель не может представить документы вышеуказанные документы организацией образования составляется акт обследования жилищно-бытовых условий малообеспеченных обучающихся и воспитанников из неблагополучных семей, нуждающихся в предоставлении услуги питания ( далее — Акт обследования).
11.2. Акт обследо