Тамақтану » ОШ им. Матросова
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Александр Матросов
атындағы негізгі мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
август
2021

Тамақтану



Ата-аналар назарына!

2021-2022 оқу жылында «Александр Матросов  атындағы негізгі  мектебі» КММ-де  ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 22 жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жоспарланып отыр.
        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №949 қаулысын басшылыққа ала отырып төмендегідей жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің отбасыларынан өтініштер қабылданады. 
  1. атаулы әлеуметтік көмек алатындар
  2. ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (жетім) отбасынан шыққан балалар
  3. Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан баллалар
  4. Төтенше жағдайдың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар.

  5. Білім беру ұйымының алқалы басқару  органы айқындайтын балалар.
Осы аталған 5 /бес/ категория бойынша ата-анадан өтініш қабылданады.
Материалдық көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда,  ата-ана ауылдық округ әкіміне атаулы әлеуметтік көмек алу туралы өтініш береді.
Төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, оқу жылына бір рет білім беру ұйымына құжаттар беру арқылы расталады
Ескерту: Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мектептің әлеуметтік педагогына келіп кеңес алуға болады.
Телф:87475924945  Асильбекова Айгуль Кодашевна
Ата-ана тарапынан ыстық тамаққа жиналатын құжаттар.
1.Ата-анасының жеке куәлік көшірмесі.
2.Баланың туу туралы куәлік көшірмесі
3.АӘК /АСП/ атаулы көмек алатынын растайтын құжат.
4.Жұмыс істемесе жұмыссыздығы туралы анықтама.
5.Жұмыс істейтін болса жұмыс орнынан соңғы 6 айлық/жалақы туралы анықтама.
6. Неке бұзылса ,неке бұзу туралы анықтама,қайтыс болса қайтыс болуы туралы анықтама,жалғыз басты ана болса Ф№4 растайтын куәлігінің көшірмесі.
7.2 файл лист.
8. Өтінішті мектептен толтырасыздар арнайы бланкаға.